Арыстық теміржолшылар әулеті дауыс беруге қатысты

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Арыста саналы ғұмырын теміржол саласына арнаған Жаңабаевтар әулеті референдумға қатысып, таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыста атадан балаға, одан әрі немереге ұласқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар. Солардың бірі – теміржолшы Жаңабаевтар династиясы. Бұл әулетте бір атадан тараған 7 ұл теміржол саласында еңбек етіп келеді.

«Біздің әулеттен 20 теміржолшы шыққан. Бүгін ұлымыз бен немереміз, келіндерім – түгел Жаңабаевтар әулеті болып референдумға келіп, өз таңдауымызды жасадық», – дейді 46 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы Қазыбек Жаңабаев.

Жалпыхалықтық референдумға белсене атсалысу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деген Жаңабаевтар әулеті қазақ елінің болашағына тікелей әсер ететін науқаннан шет қалмады.

Айта кетейік, таңертең түлкібастық ұстаздар династиясы референдумға қатысып, өз таңдауын жасаған болатын.



Соңғы жаңалықтар