Арыстық шаруалар 56 мың тонна бақша өнімін Еуропа елдеріне экспорттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының шаруалары 5500 гектарға егілген бақша өнімдерінен бүгінгі күні 134 мың тоннадан астам қауын, қарбыз өнімін жинаған. Арыс негізінде атақты дерменесімен қатар дәмі тіл үйірер қауын-қарбызымен де мақтанады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде диқандар күздік бақша өнімдерінің 55 760 тоннасын Германия, Балтық елдері мен Ресей елінің Мәскеу қаласына және Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтті. Ал, 63 мың тонна қауын мен қарбызды Астана мен Алматы қаласына жіберсе, қалғанын облыс нарығына саудалаған. Шаруалар Сырдария және Арыс өзенініӊ игілігін тиімді пайдаланып, өздеріне тиесілі алқаптарда жиын-терім науқанын ойдағыдай жүргізуде.

null 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару бұл облыстың өткен және алдыңғы жылдардағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Жергілікті биліктің мақсаты ішкі рынокты қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыру.

Аграрлы аймақтың ауыл шаруашылығын жаңа даму деңгейіне көтеріп, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға әлеуеті жетеді. Бұл бағытта бүгінде өңірде тиісті деңгейде жұмыстар атқарылуда. 

null 

Соңғы жаңалықтар