Арыстық «Нұр шашу» би тобы Түркияда өтетін өнер сайысына жолдама жеңіп алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласының жас өнерпаздарынан құралған «Нұр шашу» би тобы республикалық жарыстан жеңіспен оралды. Монтайтас ауылының жеткіншектері 2021 жылы Түркияда болатын сайысқа қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш өнер бәсекесіне еліміздің 17 облысынан 50-ден аса қатысушы жиналған болатын. Бұл шара қазақ би өнерін дәріптеу мен келешек ұрпаққа ұлтымыздың ұлық өнерлерін асыл мұра етіп қалдыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған би тобы бұған дейін де республика көлемінде ғана емес шет мемлекеттерде де алғашқы орындарда көрініп жүрген топ саналады. Мәселен, Алматы қаласында өткен «Мен де жұлдыз боламын» сайысында өрнек биімен өнер көрсеткен топ көрермендермен қатар қазылар алқасының да қошеметіне ие болған. Сондай-ақ, Ресей мен Болгария мемлекеттерінде 1-орын иемденгені белгілі.

Айта кетейік, Монтайтас ауылдық округінде тұратын мәдениет жанашыры Маханбет Шалқарұлы өнерпаздар қабілеттерін ары қарай шыңдауға үлес қосып, арнайы жаттығу залын ашып берген. Соның демеушілігінің арқасында ауылдың жас өнерпаздары өнер сайыстарында топ жарып жүр.


Соңғы жаңалықтар