Арыстық 100 бала Шалқардағы лагерьлерде демалып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Арыстан келген 100 бала мен 8 тәрбиеші Шалқардағы Ақмола облысының білім басқармасына тиесілі «Чайка» және «Сокол» лагерьлерінде демалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл - Арыстан келіп отырған балалардың екінші тобы. Алғашқы келген 145 бала бірнеше топқа бөлініп, Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығы мен «Самұрық» лагерінде демалған болатын.

«Жалпы, 500-ден астам баланы Ақмола облысындағы демалыс лагері мен сауықтыру орталықтарында демалдыру жоспарланса, 1 шілдеде 145 бала Бурабайдағы «Звездный» және «Самұрық» лагерінде демалды. Арыстық балалар үшін Ақмола облысының киелі жерлері мен Бурабайдың көрікті орындарына саяхат ұйымдастырылды. Енді міне, 100 бала мен 8 тәрбиеші Шалқардағы «Чайка» және «Сокол» лагерьлеріне жайғастырылды. Бұл балаларға да түрлі мәдени, спорттық шаралар қарастырылған», дейді ведомстводан.

Білім басқармасындағылар атап өткендей, бұдан бөлек, тамыз айында Зеренді ауданындағы демалыс лагерьлерінде 145 бала және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 150 баланы қабылдау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар