Арысты снарядтан тазарту жұмыстарынан Көксарайға келер қауіп жоқ - министр

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Арыс қаласы аумағында залалсыздандырылып жатқан снарядтар жарылысынан «Көксарай» су қоймасына келер қауіп жоқ. Бұл туралы Түркістан облысының тұрғындарымен кездескен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

арысМинистрдің халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан да көптеген сауалдар түсті. Соның бірі Арыс қаласы аумағында залалсыздандырылып жатқан снарядтар жарылысынан Көксарай су реттегішіне келер қауіп туралы болды.

«Көксарай» су қоймасы маңызы жоғары стратегиялық нысан екендігін айтып өткен министр бұл бағытта ешқандай қорқыныш жоқ екендігін жеткізді. Су қоймасының жұмысы бақылауда.

Сондай-ақ министр өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы жоғарылап, материалдық базасын нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді су басудың алдын алу, жылыту маусымында қайғылы оқиғалардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Кездесу соңында Юрий Ильил халықты жеке мәселелер бойынша қабылдады.


Соңғы жаңалықтар