Арыстанғали Заппаров Алматы облыстық ПД бастығы болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстанғали Заппаров Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресуді күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Сурет: exclusive.kz
Соңғы жаңалықтар