Арыстандардан қашқан 400 буйвол өзенге батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ботсванада Ұлттық парк аумағында 400 буйвол Чобе өзеніне батып кетті. Бұл туралы Ботсвана Қоршаған орта, табиғи ресурстар және туризм министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ел үкіметінің Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Чобе өзені Ботсвана мен Намибияның шекарасынан өтеді. Суға кетпес бұрын 400 буйвол Намибияның аумағында болған.

Ведомствоның мәлімдеуінше, жануарлардың суға бату себептері әлі белгілі емес. Жорамалдарға қарағанда, жабайы өгіздер арыстандардың шабуылынан қашып жүріп суға кеткен болуы мүмкін. Жануарлардың біразының денесі өзеннен шығарып алынған. 

Соңғы жаңалықтар