Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайластары қанша жылға сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін астаналық сотта Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алмаз Нұразханға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Оған мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Президентке «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағынан айыру туралы ұсыныс берілсін. Азамат Көшенов Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-тармағы 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады және мемлекеттік сатып алумен айналысуына тыйым салынады. Айым Сәдуақасоваға Қылмыстық кодекстің 28-бап, 5-бап және 189-бап 4-бап 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалады», - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Бұған дейін сот Арыстанбек Мұхамедиұлын 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.


Соңғы жаңалықтар