Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды. Бұл туралы елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берген еді.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлының ісіне қатысы бар деген кіүдікпен «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталған болатын.

Ашық көздерден алынған фото




Соңғы жаңалықтар