Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға созылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры және бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады», - деген жауап берілді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 28 мамыр күні сот санкциясымен қамауға алынған еді.

Оған қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты пікір білдірді.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар