Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамытуға қай саланың мамандары тартылатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Travel Media Talks форумында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова осы ведомствоның министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының баяндамасын оқып берді. Министр форум қатысушыларына Қазақстанда туризм саласын дамытудың мән-жайын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы онжылдықта әлемдік туризм қарқынды дамып келе жатыр, жаһандық экономикалық дағдарыстар кезінде де бұл сала экономикада тұрақтандырушы ретінде ықпал етті», - деді министр.

Сонымен қатар ол бүгінде туризмді дамыту бойынша ведомство әзірлеп жатқан бағдарлама туралы айтып берді.

«Туризм саласының өсім қарқыны әлемдік экономика саласының өсім қарқынынан бір пайызға ілгері болады деп күтілуде. Осы сала Қазақстан экономикасы үшін де маңызды болып тұр. Отандық туристік индустрияны дамыту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті мемлекеттік бағдарлама әзірленуде», - деді А. Мұхамедиұлы.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыты ретінде ішкі және шетел туристерін лайықты деңгейде ақпараттандыру белгіленген.



«Ұзақ уақыт бойы туристік брендті ілгерілетуге жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеді. Нәтижесінде, ақпараттық вакум туындады. Бұл тұрғыда БАҚ-ты, салмақты ұсыныс жасай алатын адамдарды, фотографтарды, саяхатшыларды және туризм мамандарын жұмылдырсақ, онда осы вакумды туризм үшін өзекті, қызықты әрі пайдалы контентпен толықтыра аламыз. Сондықтан бұл форумға медиаиндустрияның, туристік саланың өкілдерін, шетелдік сарапшыларды шақырдық», - деді ол.

Осы орайда ведомство басшысы жаһандық цифрландыру жағдайында туризмді ілгерілетудің өзекті жолдарын талқылай отырып, Қазақстанда бұл саланы дамытуға тиімді шешімдер жасауға болатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар