+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта режиссерді жеңіп шықты

2016 жылғы 25 қазан 15:54
Бөлісіңіз:
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта режиссерді жеңіп шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптау айтып, видео түсірген режиссер Талгад Жаныбековті сот кінәлі деп тауып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2016 жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Т.Жаныбеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт Министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде Т.Жаныбековті ҚР ҚК-ң 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.

«Сот Т.Жаныбековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, А.Мұхамедиұлы абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Т.Жаныбековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды»,-деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT