Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік «Голос. Дети» байқауындағы дауға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік «Голос. Дети» байқауындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Ресейдің бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының суперфиналында Ержан Максим ән шырқап, екінші орын иеленген болатын.

Алайда көп өтпей «Голос. Дети» конкурсының қорытындысына байланысты дау туындады. РБК мәліметіне қарағанда, Ресейдің бірінші арнасы әнші Алсу мен банкир Ян Абрамовтың он жасар қызы Микелла Абрамова жеңімпаз деп танылған финалдағы дауыс беру қорытындысына байланысты тексеру жүргізбекші.

Дауыс беру қорытындысы шыққаннан кейін түрлі елдердің көптеген көрермендері наразылық білдіріп, қайта есептеуді талап етті. Атақты шоумен Максим Галкин де Инстаграмдағы парақшасына видео жүктеп, өз пікірін білдірді.

Ал бүгін Ержанды қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да осы дауға қатысты ойын айтты.

«Әр конкурстың ерекшелігі бар. Бізде үлкен жетістіктер жетерлік. Әрине, екінші орын емес, Ержанның бірінші орын алғанын бәріміз қалаймыз. Бірақ, бізде басқа да конкурстарға қатысып жатқан қатысушылар бар. Мысалы, вокалдан Салтанат Ахметова Ресейдегі «Большой проект» деген конкурста операдан гран-при алды. Сол секілді, Бахтияр Адамжанов деген биші жігіт жылына екі-үш конкурсқа барып, міндетті түрде гран-при әкеліп жүр. Жақын арада Италиядағы үлкен байқауда әлемнің ең үздік 15 бишісі шақырылды. Сонда Бахтияр тағы да бірінші болды. Сол секілді, Ержанның екінші орны де өте жоғары жетістік», - деді министр.

null

Соңғы жаңалықтар