Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдің Үлкен театрының басшылығымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Үлкен театрының басшысы Владимир Урин алғаш рет Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен мәртебелі қонақ «Астана Опера» театрында П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» қойылымын тамашалап, сондай-ақ, елорданың бірқатар мәдениет мекемелерімен танысты.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ресей Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин театр өнері саласында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен оны дамытудың жағдайын талқылады.

Басқосудың басты мақсаты - өзара тәжірибе алмасу және қазақстандық театр әртістері мен мамандарының біліктілігін арттыруда бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

«Екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас жоғары деңгейде жүргізілуде деп толық сеніммен айта аламын. Біз бүгін ресейлік әріптесімізбен «Евгений Онегин» қойылымының тұсаукесеріне куә болдық. Сол сияқты, Астана хореографиялық академиясының жұмысымен танысты. Одан бөлек, елордадағы бетке ұстар екі театр, яғни «Астана Опера» және «Астана Балет» Ресейдің әйгілі театрымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Осы мақсатта бүгін екі жақ өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісім жасасты», - деді А. Мұхамедиұлы.

Кездесудің қорытындысы бойынша «Астана Опера» және «Астана Балет» театрлары Ресей Үлкен театрымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

null null null

Соңғы жаңалықтар