Арыстанбек Мұхамедиұлы Өзбекстандағы көне музыка фестиваліне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Өзбекстанның Шахрисабз қаласында өтіп жатқан Бірінші халықаралық көне музыка фестиваліне қатысты. Бұл туралы министр Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Фестивальға 75 елден жүздеген музыканттар мен мыңдаған туристер қатысты.

«Форумның ашылуы салтанатында осы шараның өтуіне ықпалдық етіп, қолдау көрсеткен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі. Өзбек елінің басшысы Қазақстанға деген құрметін айрықша атап өтті, жылы лебізі үшін риясыз ризашылығымды білдіргім келеді», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ол өзбек халқының Маком өнері туралы жиынның ерекшелігіне айналғанын айтып өтті
null 

«Маком өнері Халықаралық форумы қазір қызу жұмыс үстінде. Осы форумның ерекшелігіне айналған Маком орындау - Орталық Азияда көне заманда туындап, қазіргі Тәжікстан мен Өзбекстан жерлерінде әрі қарай дамып келе жатқан ән мен аспап музыкасының әркелкі түрі. Маком адамзаттың материалдық емес мұрасы тізіміне енгенін де айта кеткен абзал», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ ол туристерді тартуда көрші елдер мәдениеттерінің этникалық ерекшеліктерін ұсынған.

«Бірнеше күн бұрын туысқан қырғыз халқы да жоғары деңгейде ұйымдастырған Әлемдік көшпенділер ойындарына қатыстым, айтайын дегенім, Шолпан-Атада да, Шахрисабзда да біздің әріптестер туристерді тартуды бүкіл әлем ықылас танытатын өз мәдениеттерінің этникалық ерекшеліктері, ортаазиялық колориті арқылы жол тапқан.
null 

Мәселен, Оқсарой алаңында макомға қатысты түрлі көрмелер ұйымдастырылған, ұлттық аспаптар, қолөнер, сурет және қолданбалы өнер туындылары, мүсіндер, кітап, альбомдар сатылуда. Соны қызыға аралап, саудаласып, жақындарыма сыйкәде алып, шығыстың қайталанбас ерекшелігін сезіндім. Шахрисабздың туристік потенциалы оны Самарқанд, Бұқара, Хиуа қалаларының қатарына жеткізетініне сенімдімін. Ал біз, әрине, біртұтас ортаазиялық туризмнің дамуына мүдделіміз және осы бағыттағы жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз!», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.





Фото:www.press-service.uz

Соңғы жаңалықтар