Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Ортаазиялық шенгеннің» ауылы алыс емес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық Азия елдері өзіндік «Шенген визасына» қол жеткізуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің визаларын өзара мойындау мәселесі шегіне тақап келеді. Біздің аймақтағы көршілес елдер - Қырғызстан мен Тәжікстан бұл мәселеге қызығушылық танытып отыр. Егер өзара түсіністікке қол жеткізсек, келешекте «ортаазиялық шенгенге» қол жеткізуіміз мүмкін. Бұл туристердің қосымша ағынына ерекше серпін беретін болады», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтіп жатқан туризм тақырыбындағы халықаралық форумда.

Еске сала кетсек, бүгін Мәдениет және спорт министрі «Бірлікке барар жолда» атты Жібек жолына қатысушы елдердің халықаралық форумына қатысқан болатын. Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен және Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (ІАТА) қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өткізіп жатыр. Шара аясында бірнеше панелдік кездесу өткізіліп, туристік саланың әр елден келген мамандары сервис стандарттарын жетілдіру, туризм маркетингін тиімді ету, интернеттегі қызметтерді насихаттау, достастық елдердің табыс тарихы, халықаралық әуе тасымалдарын дамыту, көлік саласының инвестициялық әлеуетін арттыру мен Жібек жолы елдерінің өзара серіктестігінің болашағын талқылайды.

 

Соңғы жаңалықтар