Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазспорт» телеарнасын 5 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазспорт» телеарнасының 5 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Құрметті «Қазспорт» арнасының ұжымы! Спорт саласын насихаттап жүрген еліміздің жалғыз арнасына бүгін 5 жыл толып отыр. «Қазспорт» қысқа уақытта өзінің тұрақты көрерменін тапты. 5 жылдың ішінде мыңдаған спорттық шарадан тікелей көрсетілімдер, Олимпиада, Азия ойындарынан репортаждар жасалды. Қалың бұқара «Қазспорт» арнасы арқылы еліміздің спорт саласындағы тарихи жеңістерге куә болды», - деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт десе ішкен асын жерге қоятын қазақ көрермені боксты әлемдік брендке айналдырған Геннадий Головкиннің де ойынын «Қазспорт» арнасы арқылы таңмен таласа оянып тамашалайтынын атап өтті.

«Бүгіні мен ертеңін спортпен байланыстырған телеарнаның ғұмыры ұзақ болып, әрбір шаңырақта «Қазспорт» арнасы қосулы болсын!» - деді министр құттықтауында. 

Соңғы жаңалықтар