Арыстанбек Мұхамедиұлы: Қазақстанда жазушы болу тиімсіз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда жазушы болу тиімсіз деп есептейді. Бұл туралы министр ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жазушы болу тиімсіз. Бір жылдық еңбегі үшін олар 350 мың теңге ғана ала алады (...) Біздің басты міндетіміз - жазушыларымыздың шығармасын халықаралық деңгейге шығару. Жақын арада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен БҰҰ 6 тіліне аудару арқылы отандық жазушылардың әлемдік ауқымдағы орны нығаятынына сенімдімін», - деді министр.

Еске сала кетсек, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыруды тапсырған еді.

«Бұл жоба нені көздейді? Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі - ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласында .  

Соңғы жаңалықтар