+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Фейсбуктегі парақшамды жеке өзім жүргізіп отырмын

2016 жылғы 28 қараша 10:13
Бөлісіңіз:
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Фейсбуктегі парақшамды жеке өзім жүргізіп отырмын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы пікір білдірушілерді жөн-жосықсыз сөздерді жазудан тартынуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі достар! Біріншіден, Сіздерге парақшада жазылған ауқымды пікірлеріңіз үшін алғысымды айтамын. Әлеуметтік желіге шығу туралы шешім қабылдау кезінде түрлі ой-пікір болатынын болжаған едім. Менің ойымша, әрбір адам өзінің көзқарасына құқылы. Осында кейбір пікір білдірушілер парақшада конструктивті ұсыныс жасамастан тек сынап жүрген авторлардың пікірлерін өшіріп тастауға кеңес берген болатын. Менің ойыма қарама-қарсы болса да, көзқарасы үшін адамдарға құрметпен қараймын, алайда балағат сөздер мен тіл тигізу секілді әрекеттер жағымсыз. Атап айтқанда, барынша ашық болуға, өзіме немесе басқарып отырған министрлікке қатысты ұсыныстар мен сындарыңызға жауап қайтаруға уәде етемін»,-деп жазады А. Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол хабарламаларға жауап бермесе және Фейсбукте достыққа ұсыныстарды қабылдап үлгермей жатса, онда осы жайттарға түсіністікпен қарауға шақырды.

«Сіздердің сұрақтарыңызды ескере отырып, аккаунтымды жеке өзім жүргізіп отырғанымды және бұл мен үшін алғашқы тәжірибе екенін нақтылағым келеді. Бүгін мен барлық пікірлерді оқып шықтым, алдағы постымда оларға жауап беруге тырысамын»,-деп атап өткен министр парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қарашада Фейсбук әлеуметтік желісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеке парақшасын ашқандығы хабарланған еді.

Екі күнге жуық уақытта министрдің парақшасындағы достарының саны қарқынды түрде артып келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT