Арыстанбек Мұхамедиұлы: Денис Теннің амандығын тілеп отырмыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыдан өте суық хабар жетті. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан 3 литр қан жоғалтып, жансақтау бөлімінде жатыр. Алматы орталық клиникалық ауурханасының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр. Бұл үлкен қайғы, тіпті ақылға қонбайды. Қазір барлығымыз Денистің амандығын тілеп отырмыз. Мен өзім ІІМ Қалмұханбет Қасымов пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен сөйлестім. Олар бұл оқиғаны өздерінің жеке бақылауларына алды. Қазір тергеу жүргізіліп, қылмыскерлер іздестіріліп жатыр», - деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін спортшы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны белгісіз адамдар пышақтап кеткен.

Денис Тен оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Қазіргі таңда ауруханада осыған байланысты түрлі сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар