Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ өкілдерін марапаттады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазанат» атшабарында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауының жеңімпаз тілшілері мен тіл, мәдениет, спорт, туризм салаларын насихаттауға үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ана тілімізге деген құрметті ұрпақтың санасына сіңіру - алға қойған мақсаттарымыздың бірі. Сондықтан, осы байқауды ұйымдастырдық. Жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасына көп рахметімізді айтамыз. Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары өте интеллектуалды екенін ерекше атап өткіміз келеді. Барлықтарыңызды Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы тілшілерге арналып ұйымдастырылған салтанатты шарада.
null  

Республикалық байқауға 200-ге жуық материал келіп түскен. Ережеге сәйкес, ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Салтанатты шара барысында министр мәдениет, спорт, туризм салаларын насихаттауға үлес қосқан БАҚ өкілдерін Алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер мен бас жүлде иесі (1 миллион теңге) марапатталды.

Салтанатты шараның соңында тілшілер қауымына арнап, эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
null null 

null null 

Соңғы жаңалықтар