Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап ән жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап жазған әнін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достарым, әсем елордамыздың мерейтойына арналған «Ақ ордам - Астана» әнін Capriccio тобының орындауында қабыл алыңыздар. Сөзі Шөмішбай Сариевтікі, музыкасының авторы мен. Көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

Айта кетейік, Capriccio музыкалық тобына белгілі журналист Айгүл Мүкей продюсерлік етеді.
  
Топ құрамында 8 солист бар.


Басты фото facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды

Соңғы жаңалықтар