Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада қонақжайлылық университетін ашуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Біздің міндетіміз - халықаралық бейіндік мектептердің үздік тәжірибесі бойынша біліктілігі жоғары кадрларды дайындау. Бұл үшін Астанада Орталық Азиядағы тұңғыш халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынамын. Оның дипломы бүкіл әлемде мойындалуы тиіс», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Бурабайдағы шаңғы базасын таныстыру аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оқыған баяндамасында.

Оның айтуынша, мұндай университет білім берудің инновациялық моделін қалыптастырып, әлемнің жетекші оқу орындарымен оқу жоспарларын, тәжірибелерді интеграциялау жолымен жаңа білімді жедел жеткізуге мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар