Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

None
Фото: Аделаида Әуесбекова
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Еске сала кетейік, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Антикор музей басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып тақты.

Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта кінәсін мойындамады.

Сондай-ақ, сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартқан болатын.

Антикор маусымның басында «Дипломат» қонақүйіне қатысты Арыстанбек Мұхамадиұлын тергеу аяқталғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар