Арыстан 50 бала Орал қаласында демалатын болады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Арыстан 50 бала Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында демалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық директоры Гүлсім Дүйсенғалиеваның мәлім еткеніндей, арыстық жеткіншектер 10-19 шілде аралығында тынықпақшы.

«Арыстағы оқиға бәріміздің қабырғамызға аяздай батты. Сондықтан бұдан біз де қалыс қалмай, сергіп қайтсын деп балаларды демалуға шақырдық», деді Г.Дүйсенғалиева.
null null

Оның сөзіне қарағанда, биыл «Дарында» барлығы 420 бала демалмақ. Қазірдің өзінде алғашқы екі ауысымда 210 жасөспірім тынықты. Бұлардың бастапқысында физика-математика бағытында олимпиада, байқауларда оза шауып жүргендер болса, екінші лектегілер - IT саласында талаптанып, табысқа жеткен оқушылар.

Күні бүгін облыста алғаш рет «Жайық Пресс» ЖШС-ның қолдауымен «Өрімтал» жас тілшілер легі (100 бала) демалуда. Олардың арасында Абай, Әбіш, Қадыр, Мұқағали оқуларында жеңімпаз-жүлдегер атанғандар баршылық.

«Дарындағы» әр күнде түрлі шаралар жоспарланған. Мұнда балалар демалып қана қоймайды, өз шеберліктерін жетілдіреді, өздері сынды құрбы-құрдастарымен тәжірибе алмасады, өңірге танымал адамдармен кездеседі.
null null null

«Төртінші ауысым аты - үш тұғырлы тіл. Мұның ерекшелігі - Арыстағы жасөспірімдермен бірге көршілес Самара облысындағы қазақ диаспорасы отбасыларынан 20 бала келіп, өз күндерін қызықты өткізетін болады», деді орталық директоры.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Арыстағы оқиғаға байланысты Оралда 3 көмек көрсету орталығы ашылғанын жазған болатынбыз.

Бүгін Арыс қаласы тұрғындарына көмек көрсету үшін батысқазақстандық мекеме-ұйымдар қатарында Орал қаласы әкімдігі, сондай-ақ «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 900 қызметкері бір күндік жалақыларын аудару жөнінде шешім қабылдады.

null

Соңғы жаңалықтар