Арыстағы жарылыстар кезінде адасқан 177 бала ата-анасымен қауышты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы жарылыстар кезінде адасқан 177 бала ата-анасымен қауышты. Мұндай қуанышты хабармен Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құдайға шүкір, 177 баланы ата-аналары тапты. Жұмыс жалғасып жатыр», -деп жазды Сәкен Қалқаманов.

Бұған дейін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайда адасқан балалардың суреті облыстық әкімдік сайтына жарияланып отыратындығын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар