+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 2 сапер ауруханадан шықты

2019 жылғы 27 қыркүйек 13:51
Бөлісіңіз:
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 2 сапер ауруханадан шықты

АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметші Әскери-клиникалық госпитальден шығарылып, Алматыдағы өздерінің әскери бөлімдеріне орналастырылды. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші қаза тапты Арыс қаласын қалпына келтіруге 4 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды Дәрігерлер Арыста зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайларын мәлім етті

Медициналық мекеме мәліметінше, емделушілер әскери-дәрігерлік комиссиядан өткен. Қазіргі кезде олардың жағдайы жақсы. Госпитальдан шығарылған әскери қызметшілер толықтай қалыпқа келгенге дейін әскери қызметтік міндетінен босатылды.

Қазіргі кезде қалған 8 әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери госпитальде ем алып жатыр. Әскери дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалауда. Әскери-клиникалық гопиталь бастығы, медициналық қызмет полковнигі Самат Сәрсеновтің айтуынша, қажетті аспаптық зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, жоспарлы ем қабылдау жалғасуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 қыркүйекте арнайы топ Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы-жабдықталған полигонның аумағында шетел сарапшыларының нұысқаулары мен ұсынымдарына сәйкес, жоспарлы жару жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында жарылыс шұңқырының түбінде қол гранатасының тұтандырғыш бөлігінде жарылыс болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT