Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты

2019 жылғы 24 маусым 18:44 777
Бөлісіңіз:
Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыстан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өтіп жатқан брифингте айтты.

«Қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккен 31 адам медициналық мекемелерге келіп түсті. Оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр, қалғаны орташа және жеңіл деңгейде. Бір адам қаза тапты. Оның автокөлігіне тіке снаряд келіп түскен», - деді әкім.

Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды.Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады. 

Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. 

ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты.  Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты.

Оқиға салдарынан зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді. 

Түркістан облысының ауруханаларына 31 адам түсті. 

   

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT