Арыстағы жарылысқа байланысты өңірлерде арнайы желілер құрылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Арыс қаласындағы жаралысқа орай еліміздің бірқатар өңірінде «шұғыл желілер» ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысының Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінде орын алған өртке байланысты Шығыс Қазақстан облысында 8(7232)55-38-19 нөмірі бойынша «шұғыл желі» құрылды», - делінген Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Дәл осындай желі Алматы қаласында да ашылды.

Алматы қаласы бойынша жедел желі телефоны -8 (727) 278-20-83, 278-20-84. Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша осындай желі ашылғандығы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі зардап шеккендердің жоқ екендігін айтты.


Соңғы жаңалықтар