Арыстағы жарылыс: Сот прокурорлардың қарсылығына қарамастан, істі қарауды кейінге қалдырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Арыстағы жарылыс бойынша істі сотта қарау басқа күнге қалдырылды. Шымкент гарнизоны әскери соты прокурорлардың қарсылығына қарамастан, осындай шешімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент гарнизоны әскери сотының мәліметінше, атышулы қылмыстық іс бойынша прокурор бірнеше сотталушыға қол қойылмаған айыптау актісін табыс еткен. Ал, 11 маусым күні прокурорлар әрбір сотталушыға тағылған айыптың мәнін жария ете бастаған болатын. Алайда бірқатар сотталушылар мен олардың адвокаттары төрағалық етуші судьяға прокурордың қол қоймаған айыптау актісін тапсырғанын айтқан.

«ҚПК 304-бабына сәйкес, прокурорға айыптау актісін алғаны туралы қолхатпен айыпталушыға табыс етуді қамтамасыз ету жүктеледі. Тексеру барысында айыпталшылардың қорғаушылары тарапынан жоғарыда аталған уәждері расталған. Осыған байланысты сотқа төрағалық етуші судья прокурорлардың қарсылығына қарамастан, прокурорларды айыптау актісін тапсыру бойынша шаралар қабылдауға міндеттеген. Сот отырысын қарауды басқа күнге қалдырды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар