Арыстағы жарылыс: Шымкент әкімі тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыс қаласының тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды. Сондай-ақ, қала басшысы Шымкент қаласы үшін ешқандай қауіптің жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Арыстағы қайғылы жағдай. Қару-жарақ қоймасындағы өрт. Біз тұрғындарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем көліктері мен автобустарды жібердік. Қажет болған жағдайда көмек үшін волонтерларды тарта аламыз. Әзірге оның керегі жоқ. Бәрін сабырға шақыра отырып, жарылыстың тоқтауы үшін сыйынуға шақырамын», - деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов Instagram парақшасында.
Қала басшысының айтуына қарағанда, Шымкент үшін ешқандай қауіп жоқ. Сонымен қатар, ол әкімдіктің арыстықтарға көмектесіп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде әскерилердің Арыс қаласында халықты эвакуациялап жатқан видеосы тараған болатын.
Бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды.Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.
ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты. Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты.
Оқиға салдарынан зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді.
Түркістан облысының ауруханаларына 31 адам түсті.
- Қызылордада тротуарда көлік жүргізген тұрғын жазаға тартылды
- Шымкенттік көпбалалы отбасылар мен жастарға пәтерлер беріледі
- Қостанайлық «103» қызметкерлері екі баланы отқа оранған үйден алып шықты
- Жетісай тұрғындарына міндетті әлеуметтік медсақтандыру жүйесі түсіндірілді
-
Шымкенттегі 121 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланды
-
Түркістан облысында 7 млн-нан астам электронды мемқызмет көрсетілген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам