+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Арыстағы жарылыс: Шұғыл желі жұмыс істей бастады

2019 жылғы 24 маусым 11:43
Бөлісіңіз:
Арыстағы жарылыс: Шұғыл желі жұмыс істей бастады

АРЫС. ҚазАқпарат -Арыс болған жарылысқа байланысты шұғыл желі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласының ТЖД тұрғындар үшін қауырт желі ашылғанын хабарлады.

«Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде таралған видеода Арыстағы жарылыстың салдарынан тұрғындар үдере көшіп жатқаны айтылады. Онда Арыстың айналасындағы ауыл тұрғындары да қалаға қарай ағылып, жолдарда көліктер көбейіп кеткен соң, жол патрульдік полицейлері көлік қозғалысын реттеуге көшкен. Себебі, Арысқа қарай жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндіру қызметі көптеп жіберілуде.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT