Арыстағы жарылыс аумағында қалып қойған 34 адам шығарылды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы жарылыс аумағынан 34 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан 34 адам апат аумағынан жедел жәрдеммен тасымалданған. Олар ауруханаға жатқан жоқ. Қауіпсіз аумақтарға жеткізілді», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау депертаменті таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да жарылыс болды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер жоқ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар