Арыстағы жарылыс: Алматыдан 500 әскери қызметші жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті күзету және тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсету мақсатында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен 500 әскери қызметші және 30-дан астам техника жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға болған орында Ұлттық ұланның іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штабы бастығы Андрей Каскеленов үйлестіреді», - деді баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады.

Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

null

Соңғы жаңалықтар