Арыстағы жағдайға байланысты Шымкентте арнайы штаб құрылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Арыс ауданында болған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласында штаб құрылды. Бұл туралы бүгін facebook-тегі парақшасында Шымкент әкімдігінен Ақмарал Молдиярқызы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Штаб құрамында Шымкент қалалық білім басқармасы, цифрлық басқарма, кəсіпкерлік басқармасы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы, Ұлттық ұланның 6506 əскери бөлімі, Қазақстан теміржолы, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және психолог мамандар бар.

Цифрлық басқарма əлеуметтік желілер мен ватсапта балабақшадан бөлек эвакуацияланған балаларды ата-анасымен табыстыру мақсатында белсенді жұмыс жасап жатыр.

Төтенше жағдайлар басқармасы 15 бекетке ыстық тамақ пен сусын жеткізіп, көмекке мұқтаж зардап шеккендерге психологиялық, моральды-материалды көмек көрсетуде.null

«87252 44-94-72 нөміріне тыным жоқ. Сағат 9:30-дан кешкі 18:00-ге дейін 2409 хабарлама келіп түскен. Хабарлама қалдырушылар негізінен баласын іздеген ата-ана. Туыстарын, бір-бірін іздеушілерден бөлек қайда, қалай орналасу бойынша да мəлімет сұрап хабарласқандар бар. Мұндай қауырт желі телефондары еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы қауырт желіге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жəне алыс-жақын шетелдерден хабарласып жатыр. Мəскеуден хабарласқан азаматтар да бар»,-деп жазады ол.null

Ұлттық ұланнан (6506 əскери бөлімі) 541 сарбаз халықты эвакуациялау, көмектесу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Арыс қаласында қызметте жүр.

Шымкент қаласы бойынша 15 көшіру-жиналу бекеті құрылды.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарлағанбыз.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

null null

Соңғы жаңалықтар