Арыстағы оқиғадан 165 адам медициналық көмекке жүгінді - министр Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы жарылыс салдарынан 165 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, барлығы 165 адам медициналық көмекке жүгінген. 76 адамға амбулаториялық көмек көрсетілді. 19 пациент стационарлық емге жатқызылды. Жансақтау бөлімдерінде15 науқас бар. Пациенттердің негізгі бөлігі Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық, облыстық балалар ауруханасында және қалалық ауруханаларға жатқызылды. Кейбір пациенттер Түркістан облысының аудандық ауруханаларында емделуде. Медициналық көмек көрсету үшін жалпы 22 жедел медициналық бригада жұмылдырылды. Олардың ішінде төрт бригада Жамбыл облысынан жіберілді. Қазіргі уақытта қосымша 52 бригада дайындықта отыр. Екі тікұшақ дайын. Жалпы, Алматы қаласынан көмек көрсету үшін екі мортедисциплинарлық команда жіберілді. Олардың арасында реанематолгтар, травматологтар, нейрохирургтар бар. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде екі бала жатыр. Барлық науқастар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», - деді Елжан Біртанов.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.
Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.
- Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді
- Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
-
Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
-
Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам