Арыстағы мектептер жаңа оқу жылына толық дайын

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласындағы білім ұялары жаңа оқу жылына толық дайын. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Әбдіхан Мұсаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қалалық білім бөлімінің басшысының сөзіне қарағанда, төтенше жағдай жарияланған Арыс қаласында 26 орта мектебі мен 14 бастауыш білім беру нысаны бар. Олардың ішінде 16 нысанға жарылыстың зардабы тиген. Мамандар мектептерді қалпына келтіру жұмыстарын үш басым бағыт бойынша жүргізген. Атап айтқанда, зақымданған ғимараттарды тез арада қалпына келтіріп, қираған материалдық қажеттіліктерді жаңғырту ісін қолға алған. Сондай-ақ, арыстық балаларға психологиялық көмек көрсету үшін жазғы лагерлерге жолдама берумен айналысқан. Жөндеу жұмыстары мен материалдық базаны жаңартуға еліміздегі алпауыт компания көмектескен. Нәтижесінде жаңа оқу жылында аталған мектептердің жөндеу жұмыстары аяқталып, заманауи техникалармен толықтырылды.

Одан бөлек парталар мен тақталар да жаңартылып, әр сыныптың өзіндік сипатына да ерекше мән берілген. Жалпы материалдық базаны жаңартуға 450 млн теңге қаржы қарастырылған. Енді осы ғимараттарда оқушылар білім талапқа сай білім алатын болады.




Соңғы жаңалықтар