Арыстағы қоғамдық тәртіпті әскери полицияның қосалқы жасағы қадағалайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштеріне қарасты әскери полиция бөлімшелерінің қосалқы жасағы Арыста құқық тәртібін қамтамасыз етіп жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Ұлан мен Тараз гарнизонының бөлімшелерінен тұратын әскери полицияның қосалқы жасағы құрылды. Қоғамдық тәртіпті күзету жөніндегі бұл шараға барлығы 100-ден астам әскери полицияның әскери қызметшілері қатысады», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, әскери полиция органдары әскери қалашық аумағында, әскери қызметшілер тұратын жерлерде және қаланың өзінде тәулік бойы шолғындау ұйымдастырып, көшірілген жұрттың үйлерін күзету шараларны жүргізіп жатыр. Оқиға орын алған әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінде әскери полиция қызметтік иттермен өткізу тәртібін тәуліктік бақылауға алған.
null

«Әскери нысанның аумағына заңсыз кіруге жол бермеу және Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, сауда орындары мен дүкендерді тонау фактілерін болдырмау мақсатында әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Ұлттық ұланның әскерилерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге заңсыз қылмыс пен өзгенің мүлкіне қол сұғу фактілерін алдын алу міндеттерін атқаруда. Сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға қатысатын әскери техника мен жеке құрамның ілесіп жүруі ұйымдастырылды», - деді Қорғаныс министрлігінен.

null

Соңғы жаңалықтар