Арыстағы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» Арыс қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосты. Жарылыстан зардап шеккен ХҚО орналасқан ғимараттың іші-сырты аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмыс орындары реттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 634 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

«Арыстағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен ондағы әлеуметтік төлемдерді есептеу, жер кадастры, жылжымайтын мүлік құжаттарын реттеу бөлімдері де қайтадан өз жұмысын бастады. Ондағы байланыс желілері қалпына келтіріліп, ХҚО ақпараттық жүйесі іске қосылды. Тұрғындар бүгінде керекті анықтамаларды алып, жеке бас куәлігі, балалардың туу куәліктері сияқты құжаттарын ретке келтіре алады» делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімшесінде 55 қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлығы бүгінде жұмысқа шығып, лауазымдық міндеттерін атқарып жатыр.
null

Бұған дейін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етіп, халықты құжаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

null

Соңғы жаңалықтар