Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Арыстағы апаттың ауыртпалығын Қазақстан халқы жұмылып көтеруде

2019 жылғы 25 маусым 15:29 724
Бөлісіңіз:
Арыстағы апаттың ауыртпалығын Қазақстан халқы жұмылып көтеруде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға Қазақстан халқы жан-жақтан көмек көрсетіп жатыр. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА жасалып жатқан жатқан игі істердің топтамасын ұсынады.

Кеше Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында еліміз бойынша  «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталған болатын.  Елдің ішкі бірлігі сыналар тұста жұрт аянып қалған жоқ. Акцияға үн қосуға барлық өңірлер асығуда. Әуелі Арыс қаласына Қарағанды облысынан әуе кемелері арқылы 10 тонна азық-түлік пен киім-кешек жолданған болатын.  Ортақ істен елдегі кәсіпкерлер де шет қалмай алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, кәсіпкерік сектор да қоғамның бір бөлшегі ретінде ел болып жұмылған бұл шарадан тыс қалмайды.

«Кәсіпкерлер де белсенді қатысып жатыр. Шымкент, Түркістан қаласының кәсіпкерлері алғашқы минуттардан көмек көрсетіп, халықпен бірге екенін көрсетті.  Ал Шымкент қаласындағы «Интертич» емханасы жүгінушілерге тегін қызмет көрсетті», - деді ол «Арыс, біз біргеміз» телемарафоны барысында. Ал бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлері мен «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелері зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмектер ұйымдастырып жатыр. Түркістан қаласында 300 адамға арналған орын дайындалды. Қазір келген адамдарды орналастырып, оларға  мединциналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері болса, бірлескен штаб құрып, арнайы Арыс қаласынан көшірілген азаматтардың барлығына көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Корей мәдени орталығы Арыс қаласына түске дейін 1 газель тағаммен су жіберсе, славян мәдени орталықтары 5 автобус пен 2 жүк көлігін жолдаған. Штаб құрылғаннан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдени орталықтарының барлығы көмекке жұмыла кірісіп жатыр. Қазіргі уақытта ҚХА өкілдерінің жасақтауымен ашылған 15 орында халық қабылданып, көмек көрсетіліп жатыр. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы қысылтаяң шақта 14 жедел жәрдем көлігін көмекке жіберген Жамбыл облысы мен  Шымкент Шымкент қаласының әкімдігіне алғыс айтып отыр. Түркістан облысының дәрігерлері арыстықтарға шипалы емнен бөлек қаржылай көмек беруді де жөн деп тауыпты. Облыстық дәрігерлер қауымдастығы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 күндік жалақыларын аударған.

Елдегі жоғары оқу орындары да алғашқылардың бірі болып акцияға үлес қосып жатыр.  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен  Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымдары Арыстағы ағайынға бір күндік еңбекақыларын аударды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Арыс қаласының 500 баласын барлық қажетті заттармен, киіммен, аяқ киіммен, мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, бір айға жазғы лагерьге жіберетіні мәлімдеді.  Қаланың зардап шеккен тағы 1000 баласына жазғы демалысты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырады.


null

«Мұнда не болғанын естігенде бойымды қорқыныш биледі. Әсіресе қорғансыз қалған балалар үшін, аналар үшін жаным ауырды. Мен қазір жылы көрпешелер, балалардың киімдерін әкелдім». Бұл Алматы қаласында ашылған гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінің бірі үлес қоса келген Мәдина Сәкен есімді тұрғынның сөзі. Бұл шаһарда қазірдің өзінде екі бірдей көмек қабылдайтын орын жұмыс істеп тұр. 

Апат кесірінен Қызылордадағы теміржол станцияларында кідірген жолаушыларға жергілікті халық демеу болып жатыр.  Қызылордалықтар қаңтарылған  5 пойыздағы 1200-ге жуық жолаушыға ыстық тамақ пен салқын суды тегін таратқан. Сондай-ақ,  15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

null 

Елден қалмай сақшылар да бірауыздан бір күндік еңбекақыларын Арыстағы ағайынға жолдаған. 

Жастық жігерін жақсылық жасауға бағыттап жүрген еріктілер бұл жолы да ел көңілінен шыға білді. Олардың белсенді әрекетін Арысқа арнайы барған мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев та атап өтті. 

«Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Зардап шеккендердің жағдайы шынымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз», - деп жазды Президент twitter парақшасында.

Жайықтағы ағайын да арыстықтарға тездетіп көмек жолдау үшін жұдырықтай жұмылып жатыр. Орал қаласында үш жерде көмек көрсету орталықтары ашылды. Қазіргі уақытта осы орындарда (Н.Назарбаев даңғылы, 188, 1-қабат, 101-кабинет, Қадыр Мырза Әли, 18, 3-қабат, «Бастау» коворкинг орталығы және Ж.Молдағалиев көшесі, 19, 1-қабат, 109-кабинет) Арыс тұрғындарына аса қажетті заттар жинақталуда. 

Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері  мен СІМ ұжымы да  бір күндік жалақыларын Арыстың зардап шеккен тұрғындарына аударатынын хабарлады.

Атырау мен Алтайдан , Арқа мен Алатауға дейінгі қазақ даласының тұтас аумағын қамтыған «Арыс, бір біргеміз» акциясы жалғасып жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жақсылық жаса, Арыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT