Арыстағы апатқа байланысты: Біз дос және бауырлас Қазақстанмен біргеміз - Түркия Елшілігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Түркия Елшілігі Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында болған жарылыс салдарынан қаза болғандарға Алладан рақым тілеп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіре отырып, осы орайда дос және бауырлас Қазақстан Республикасымен бірге екенімізді атап өткіміз келеді», -делінген елшіліктің facebook-тегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар