Арыстағы апат: Зардап шеккен өңірден алғашқы 300 бала Ақмолаға жеткізіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының бизнес-қауымдастығы,​ мемлекеттік емес ұйымдар,​ жергілікті кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілдері Арыс тұрғындарына көмек қолын созуда белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірдің мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық ұйымдарының қызметкерлері төтенше жағдайға душар болған Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде 1 күндік еңбекақысын аударуда.

Бұдан бөлек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес демалатын балалардың санын арттыру туралы шешім қабылданды.

«Облыс аумағындағы 20-дан астам балаларды сауықтыру орталықтары, лагерлер, демалыс үйлері жазғы маусым кезінде төтенше жағдай орын алған аумақтан 500-ден астам баланы қабылдайды.

Жақын күндері алғашқы 300 бала «Балдәурен», «Самұрық», «Звездный» сауықтыру орталықтары мен «Avrora Garden» демалыс үйіне жеткізіледі», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, жастар бірлестіктерінің бастамасымен төтенше жағдайдың салдарын жою және одан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында еріктілер тобы, құрылыс жасақтары, психологтар тобы жасақталды.

СВондай-ақ, қайырымдылық керуені және материалдық көмек ретінде құрылыс материалдары, азық- түлік және киім-кешек жеткізілмекші.

Соңғы жаңалықтар