Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
«Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі стансада- Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылодада 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады. Аталған барша вокзалдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда», - деп атап өтеді ұлттық тасымалдаушы.
Компания мәліметінше, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1500 жолаушы тасымалданды. Сондай-ақ, Түркістан -Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттарына жетіп алу үшін 2000 жолаушы автокөлікпен Түркістаннан Шымкентке жеткізілді. Қызылорда-Сексеуіл арасында №42 Атырау-Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелді.
«Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданды. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына түсінушілікпен қарағанын жеткізеді. Барша керекті ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен ала аласыздар», - делінген таратылған ақпаратта.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды.
Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.
Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетіндігіне уәде берді.
Жалпы кешегі аласапыран кезде мыңдаған ата-ана баларынан көз жазып қалған болатын. Қазіргі уақытта олардың барлығы да балаларымен қауышты, барлығы дін-аман.
- Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды
- Павлодар облысында кондитерлік өнімдер таситын жүк көлігі аударылып қалды
- Шығыс Қазақстанда 38 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен есепші әйел ұсталды
- АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты
-
Ақмола облысындағы астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды
-
Түркістан облысында жол апатына ұшырап, каналға құлаған тұрғынды полицейлер құтқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам