Арыстағы апат: Қызылордада жолаушыларға тегін тамақ берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арыстағы төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы теміржол станцияларында кідірген жолаушыларға түрлі көмектер көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы теміржол станцияларында кідірген 5 пойыздағы 1200-ге жуық жолаушыға ыстық тамақ пен салқын су тегін таратылды. Сондай-ақ, 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

Ал «Мәскеу-Бішкек», «Атырау-Алматы» бағытындағы екі жолаушы пойызы «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына жол тартты.null

Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты Сексеуіл станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.null

Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларға қызмет көрсетілді.

Айта кетсек, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов басшылық ететін жедел штаб құрылды. Жедел штаб кез-келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын.

Соңғы жаңалықтар