Арыстағы апат: Қазақстандықтар ақша аударып, азық-түлік жөнелтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Арыстағы халыққа ақшалай да, заттай да көмек жолдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арыстағы жұрттың жағдайына бейжай қарамайтын қазақстандықтардан түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар төтенше жағдайдан зардап шеккен отандастарына көмек беруге дайын. Кейбіреулері ақша аударса, кейбірі азық-түлік пен өзге де керек-жарақтар әкеліп жатыр», - деп жазды Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында.

Арыс қаласының тұрғындарына қаржылай көмек қолын созамын дейтін азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылды.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA.

Бұған қоса, бүкіл елден жиналған гуманитарлық көмек Шымкент қаласынан тарату үшін бір орталыққа жиналып жатыр. Бекеттің мекенжайы: Шымкент қ, Абай ауданы, Ынтымақ ш.а., 592/3 құрылыс, №7 блок. Байланыс үшін 8 705 888 -78-28) нөміріне хабарласу қажет.

«Зардап шеккендерге ұзақ сақталатын азық-түлік пен ауызсу, киім-кешек керек. Бәрінен де бүлінген үйлерді қалпына келтіру үшін құрылыс материалдары қажет. Нақты айтқанда, терезе әйнектері, шатыр мен ағаш материалдары керек», - дейді Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, жылы киім мен азық-түлік тиелген алғашқы лек маңайдағы қалалар мен ауылдардан бүгін жетуі тиіс. Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұжымдары біркүндік еңбекақыларын аударуда.

Соңғы жаңалықтар