Арыстағы апат: Кәсіпкерлер 25 тонна дәрі-дәрмекті тегін таратты

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының дәрі-дәрмек тасымалдаушылары Арыстағы жұртқа 25 тонна дәрі-дәрмек тегін бөлген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов өңірде дәрі-дәрмек саудасымен айналысатын 7 ірі фирманың 25 тонна дәрі-дәрмекті тегін бергенін айтады.

«Арыс тұрғындарына медициналық көмек дер кезінде көрсетілуі үшін көтерме сауда, формациялық нысандар алғашқы меициналық көмекке дәрі-дәрмектер әкеліп отыр. «Europharma», «Зерде», «№5 емхана», «Эко-Фарм», «Asylpharm», «Медсервсис Плюс» және «Мурат-Фарм» кәсіпорындары алғашқы медициналық көмек үшін қажет дәрі-дәрмектерді тегін берді. Қабылданғанған дәрі-дәрмектің жалпы құны 25 млн теңеге жуық», - дейді Нұрбек Нышанов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, қазір арыс ауруханалары дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтылған.

«Алғашқы медициналық көмекке қажет дәрілер медициналық қобдиша ретінде барлық эвакуация орталықтарына ертең жеткізілетін болады. Тұрғындарға көбінесе қобалжуды басатын, қан қысымын реттейтін дәрмектер үлестірілді. Дәрі жетіспеушілік деген мәселе жоқ. Қазіргі таңда 70 адам ауруханаларда жатыр. Оның 30-ға жуығы облыстық клиникалық ауруханада, қалғандары облыстық балалар ауруханасы мен Сарыағаш қаласында және бірнеше ауданда жатыр. Төрт науқастың жағдайы ауыр. Кеше түнде республикалық санитарлық авиациямен дәрігерлер келген. Бүгін-ертең облыстың адамдарына көмек көрсететін болады. Медицина жағынан проблема жоқ. Жедел жәрдем көліктері артығымен қамтылған», - дейді ол.

Айта кетсек, Арыстағы апаттың ауыртпалығын Қазақстан халқы жұмыла көтеруде. Ал Шымкенттегі эвакуациялық пунктердің саны Арыстан келіп жатқан тұрғындардың артуына байланысты 31-ге дейін көбейтілді.

Соңғы жаңалықтар