Арыстағы 470 нысанды қалпына келтіруге Ақмола облысы көмектеседі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Арыстағы 470 нысанды қалпына келтіруге Ақмола облысы көмектеседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткен брифингте аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифингте аймақ басшысы Арыс қаласының тұрғындарына төтенше жағдай орын алған күннен бері көрсетілген және алдағы уақытта көрсетілетін гуманитарлық көмек-қолдау туралы айтып берді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арыс қаласына сапары барысында берген басым тапсырмаларының бірі тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандарды бірінші кезекте қалпына келтіру болып табылады. Осыған байланысты, маусымың 27-нен бастап менің орынбасарым Асқар Мұратұлы бастаған жұмыс тобы Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру үшін Арыс қаласында жүр. Бүгінгі таңда 470 нысанды тексеру жүргізілуде, оның ішінде 205 тұрғын үй, 3 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта учаскеде 5 компания жұмыс істейді", - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев атап өткендей, барлық қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінетін болады.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласынан 500-ден астам бала Ақмола облысындағы балалар лагері мен сауықтыру орталықтарында демалатын болады. Қазіргі кезде, 145 баладан тұратын алғашқы тобы Бурабай курортындағы "Звездный" және "Самұрық" балалар лагерінде демалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар