+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Арыстағы 3232 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде - министрлік

2019 жылғы 12 шілде 11:33
Бөлісіңіз:
Арыстағы 3232 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 754 үйде (бір күн бұрын 674 үй) жөндеу жұмыстары аяқталды.

Барлығы 17 секторда 191 құрылыс компаниясы еңбек етеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша 5144 құрылысшы мен 223 арнайы техника ЖТҚ және КПТҮ-дің 3232 нысандарында (бір күн бұрын 2989 нысанда) жұмыс істейді. Осылайша, күн сайын құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 200-ден астам үйді жөндеу жұмыстарымен айналысуда.

Тағы 1,5 мың құрылысшы «Самұрық - Қазына» АҚ қаражаты есебінен 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысаны, 6 Денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны) қалпына келтіреді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Арыс қаласына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді.

ИИДМ Вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қаланың қалпына келтіру қарқыны туралы баяндады.

Оның айтуынша, жақын аптада Арыстағы құрылыс жұмыстарына 600-700 жұмысшы жұмылдырылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT