Арыстағы 15 секторда үш күндік сенбілік ұйымдастырылды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласындағы Алматы облысы мен Бәйдібек ауданы орналасқан №15-секторда жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Аталған секторда үш күндік сенбілік ұйымдастырылып, оған Арыс тұрғындары мен құрылысшылар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәйдібектік кәсіпкер Ахмет Біржанов өзінің бауырларымен бірге Арыста арнайы бір түйені құрбандыққа шалып, қаладағы 17 секторға бір-бір қойдан берді. Осы аймақта орналасқан мешітте 200-ден астам адамға ас берілді. Көпшілік жиналған орында облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков пен облыстық мәслихаттың депутаты, Түркістанның тумасы Байқадам Сүлейменов, аудан әкімі Бақытбек Танагөзовтер ізгі тілектерін жеткізді.

Облыстық Азаматтық альянсының төрағасы Шәріпбек Жамалбеков пен Шымкент қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков Арыс қаласындағы С.Адамбеков атындағы мектептің 120 оқушысына мектеп формасын тапсырды. Өз кезегінде қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқан арыстық жұртшылық атқарылып жатқан ауқымды істер мен қайырымдылық жасаған жандарға шексіз ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар