+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Арыста жарылыстардың қайталану қаупі сақталуда– ҚР ІІМ

2019 жылғы 25 маусым 13:16
Бөлісіңіз:
Арыста жарылыстардың қайталану қаупі сақталуда– ҚР ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының көмегімен аэровизалды ұшулары жүргізді. Оқ-дәрі сақталатын қоймалардың аумағында бықсыған оттың 9 ошағы табылды. Яғни, әзірше қайтадан жарылыстардың орын алу қаупі сақталуда. Дегенмен, бастапқы уақытта орын алған жарылыстардай жарылыс болмайды деп ойлаймын», - деді ол.

Сонымен қатар, Юрий Ильин еліміздің Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының аумағын жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту үшін арнайы саперлер тобын құрғанын айтты.

«Аталған арнайы топтың 100-ден астам адамнан жасақталған бір тобы темір жол стансасында, темір жол бойында жұмыс істеп жатыр. Ал қалғандары елді мекендердің және әскери бөлімшенің аумағында жұмыс істеуде. Ал қоймалардағы өрт салдарын жою және отты сөндіру жұмыстарына, меніңше, бүгінгі күннің ішінде өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған арнайы сауытты техникалар кірісетін болады», - деді вице-министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Арыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT